Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирустық инфекция жұқтырған соңғы 1 науқас жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімет таратты.
Ауру жұқтырған адам 58 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық - делінген хабарламада.12.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ бойынша 118 дерек тіркелді. Олар, Қызылорда қаласы – 12, Сырдария ауданы – 23, Қармақшы ауданы – 4, Қазалы ауданы – 1, Арал ауданы – 4, Шиелі ауданы – 56
Жаңақорған ауданы – 18.