Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 120-дан асты

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған соңғы&nbsp;3 жағдайы туралы&nbsp;&nbsp;Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 15 Сәуір 2020 2020, 09:51
15 Сәуір 2020 2020, 09:51
1363

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған соңғы 3 жағдайы туралы  Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Ауру жұқтырған адамдардың екеуі Сырдария ауданының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Ал үшінші науқас Жаңақорған ауданының тұрғыны. Қазіргі таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде - делінген хабарламада.

Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. 

15.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 124 дерегі тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны-2, ем қабылдап жатқандар саны-122.

Наверх