Түркістан облысында әйелдер арасындағы есірткі қылмысы азайған

13 Мамыр 2020, 23:25
1455
Бөлісу:
Түркістан облысында әйелдер арасындағы есірткі қылмысы азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есірткіге қатысты қылмыс қоғамды ерекше алаңдататыны белгілі. Ал оны әйелдердің жасауы - тіпті ақылға сыймайтын дүние деуге болады.

Әйелдер арасындағы есірткіге байланысты қылмыс жүз пайыз жойылды деп толық сеніммен айта алмаймыз, алайда ол жөніндегі амал-әрекеттердің жүзеге асу мүмкіндігі бар. Көбінесе әйелдердің есірткі қылмысымен айналысуының басты себебі: жайсыз отбасылық жағдайы, оңай табыс көзі және есірткі тәуелділігі. Әйелдер арасындағы тіркелген есірткі қылмысы бойынша Түркістан облысы республика бойынша 13-орында. Осы бағыт бойынша кейінгі 3 жылдың қылмыстық жағдайы, төмендеу динамикасы байқалады. Яғни, 2017 жылы – 12, 2018 жылы – 10, 2019 жылы – 4, 2020 жылдың өткен айлары бойынша – 1 дерек тіркелген - делінген Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Наркодиспансер есебінде тұратын әйелдердің саны да төмендеуде, яғни 2018 – 2019 жылдары – 11 әйел тіркелген болса, 2020 жылы бірде-біреуі тіркелмеген.

Есірткі затын қабылдаудан соңғы рет 2012 жылы 1 әйел көз жұмған болатын, одан бері мұндай жайттар өңірде орын алмаған. Ал ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде 2016 жылы 1 әйел есірткі қылмысы бойынша жауапқа тартылса, одан бері мұндай дерек тіркелмеген. Жалпы әйелдер арасында есірткі қылмысын болдырмау мақсатында қылмыстық қудалау органдары жыл сайын жоспарлар түзіп, арнайы профилактикалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізуде - делінген хабарламада. 

Есірткі қылмысына қарсы бағытталған құқыққорғау органдарының жұмыстарын үйлестіруді прокуратура жүзеге асырып келеді.

Өзгелердің жаңалығы