Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында биыл 37 жоба аясында жергілікті автожолдарының 500 шақырымы мен жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын республикалық маңызға ие 3 жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, "Федоровка-Первомайское" жолының 0-34 шақырымы, "Шұбалаң-Қарасу-Көкалат" жолының 0-39 шақырымы, "Қойбағар-Қарасу-Севастопольский" жолының 83-124 шақырымы, "Затобол-Садчиковка-Сергеевка" жолының 23-34 шақырымы, "Тобыл-Тарановское-Красносельское-Набережное" жолының 17-30 шақырымы, "Мамлютка-Қостанай-Переногорьковка-Белоглинка-Воскресеновка" жолының 63-86 шақырымы, "Жітіқара-Қамысты-Ливановка" жолының 56-73 шақырымы, "Рудный-Қашар-Федеровка" жолының 0-30 шақырымы, "Ұзынкөл-Сарыкөл" жолының 10-20,3 шақырымы, "Денисовка-Зааятское" жолының 0-28 шақырымы, "Тоғызақ-Бөрлі-Михайловка-Боскөл станциясы" жолының 0-25 шақырымы, "Қарасу-Большая Чураковка-Новоселовка-Новопавловка-Құсмұрын" жолының 0-6 шақырымы, "Боровской-Ұзынағаш" жолының 20-32 шақырымы, "Өлеңді-Буревестник" жолының 38-53 шақырымы, "Қоскөл-Комсомольское" жолының 0-8 шақырымы, "Федоровка-Новошумное-Кеңарал" жолының 9-21 шақырымы, "Лесное-Рудный-Қашар" жолының 0-9,3 шақырымы, "Қарасу-Большая Чураковкай" жолының 25-43 шақырымы, "Мамлютка-Қостанай-Красная Пресня-Звериноголовское" жолының 0-30 шақырымы, "Әулиекөл-Жолдама" жолының 50-100 және 100-150 шақырымдары жаңғыртылады.
Бұдан бөлек, биыл Новопавловка, Ақсай, Тоқтаров, Комсомольское, Смирновка, Уражайное, Фрунзе, Увальное, Береговое және Шеминовка елді мекендеріне кіру жолдарын жөндеу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ресайклинг әдісі бойынша республикалық маңызы бар "Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы" жолының 20-50 шақырымы, "Мамлютка-Қостанай" жолының 250-329 шақырымы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалалары арқылы өтетін "РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы" жолының 635-685 шақырымы қайта жаңғыртылады.
Айта кету керек, өңірдегі жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы - 7 870 шақырым. Жолдардың 69% – жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.