Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қадірлі сырбойылықтар! Сіздер қазір облыста қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы хабардар болып отырсыздар деп ойлаймын. Бүгінгі таңда аймақта ахуал тұрақталды. Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр, - деді облыс әкімі.
Кешеден бастап Қызылорда қаласында зардап шеккен 9 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жөндеу жасалатындарды жақын уақытта, ал, күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттарды ақпан айының 20-сына дейін бітіруге тапсырма бердім. Ең жұмысы күрделі облыстық сот ғимаратын жөндеуге 80 жұмысшы тартылды. Әрі қарай да жұмысшылар саны арта береді.
Коммуналдық қызметтер үздіксіз, тоқтатпай жұмыс істеуін бақылап отырмын. Сыр елін ауызбіршілікпен бірге өркендете берейік!, - деді ол.