Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты

5 Шілде 2022, 20:39
1856
Бөлісу:
Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз-турында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев қала аумағындағы бірнеше мал шаруашылықтарында аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарын БАҚ өкілдеріне таныстырды. 

Басқарма басшысының айтуынша, төрт-түлік арасындағы ауру ошақтарын болдырмау мақсатында облысқа 3957,2 мың доза препарат жеткізілген. 

Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты

Жоспарға сәйкес 3083,1 мың мал басы алдын ала егіліп, 6 айлық жоспар 100 пайыз орындалды. Сондай-ақ, 186,7 мың бас мүйізді ірі қара мен 242,2 мың бас уақ малдан жұқпалы ауруларға байланысты қан құрамы тексерілді. 

Талдау нәтижесінде, 32 бас мүйізді ірі қара мен 26 бас уақ малдан бруцеллез ауруы анықталды. Оларға ветеринариялық-санитариялық шаралар жедел қолданылып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты

Облыстық бюджеттен энзоотиялық ауруларға қажетті 667,5 мың доза ветеринариялық препараттар сатып алынды. Қазіргі таңда 454,9 мың мал басына алдын ала егу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар биыл 287,9 бас бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. Ал облыста бірдейлендіру жүргізілмеген 36 мың 531 бас нақтыланып, оның 70 465 ауыл шаруашылығы жануары аталған жүйеге тіркелді, - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты

Өңірде мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 мал қорымы бар. Бұл қорымдардың санын арттыру мақсатында биыл 3 типтік жобадағы мал қорымын салу жоспарлануда. Жалпы аймақта эпизоотиялық жағдай тұрақты бағалануда

Өзгелердің жаңалығы