Облыс басшысы Павлодар қаласының әкімін қызметінен босатты

26 Тамыз 2023, 12:09
919
Бөлісу:
Облыс басшысы Павлодар қаласының әкімін қызметінен босатты
Фото: gov.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қызметінен босату туралы шешім қабылдады деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Павлодар қаласының активімен кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша қала әкімін қызметінен босатуы қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін, облыс орталығын дамыту және абаттандыру бойынша қала тұрғындары үшін маңызды жобалардың жүзеге асырылуына қажетті бақылаудың жоқтығы және қала әкімдігі мен Павлодар қаласының тұрғындары арасындағы байланыстың әлсіреуі үшін деп түсіндірді.

Облыс әкімшілігіне Президент Әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.

Еске салайық, Ержан Иманзаипов 2022 жылдың желтоқсан айының соңында Павлодар қаласы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы