Облыс әкімі 100 жастағы қарт әжейді құттықтады

9 Наурыз 2024, 04:17
1586
Бөлісу:
Облыс әкімі 100 жастағы қарт әжейді құттықтады
Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде тыл ардагері Ғалиябану Музаферованың шаңырағына барып, қарт анаға құрмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылы жүздесуде аймақ басшысы ғасыр жасаған әжейдің жағдайын сұрап, мерекеге орай гүл шоқтарын сыйлады.

Облыс әкімі алдыңғы буын ардагерлердің ел дамуындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, алтын құрсақты аналардың қандай құрметке болсын лайық екендігін, оларды қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың мерейлі міндеті екенін баса айтты.

Өз кезегінде қарт ана облыс басшысына шынайы ризашылығын жеткізіп, жұртшылықты қоғамдағы тыныштық пен елдегі бейбітшіліктің бағасын білуге шақырды.

Ғалиябану әжей 1924 жылы Ақмола облысы, Атбасар ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Жамбыл облысына қоныс аударған ақ жаулықты ана немерелерінің тілеуін тілеп отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірімізде жүз жасаған және ғасыр жасқа толатын 40-қа жуық қарт әжелеріміз бар.

Өзгелердің жаңалығы