Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан облыстарының әкімдіктері жолдарда 2020 жылы 99 санитарлық торап орнатады, деп мәлімдеді Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті.
Бюджет қаражаты аясында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша облыс әкімдіктері санитарлық-гигиеналық тораптардың 99-ын орнату жұмыстарын жүргізуде, - делінген ҚазТАГ сауалына комитеттің берген жауабында.Жалпы, елдегі жолдарға санитарлық тораптары бар 988 сервис нысаны керек. Оның ішінде Қазақстан көлік жолдарын басқару бойынша ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ желісі бойынша – 496 және ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің желісі бойынша 519 нысан салынуы тиіс.