Оқытушылар президенттің қысылтаяң уақыттағы мәлімдемесін қолдайды

8 Сәуір 2020, 08:09
1854
Бөлісу:
Оқытушылар президенттің қысылтаяң уақыттағы мәлімдемесін қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттің өршуіне тосқауыл қоюға байланысты президент Қ.К.Тоқаевтың жасаған мәлімдемесі еліміз үшін өте қажетті де өзекті. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Қ.С.Құлманов пікір білдірді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етіп жатқан оқытушылар мен студенттер президент Қ.К.Тоқаевтың жасаған мәлімдемесін зор ықыласпен қабылдағандығын айтқан.  

Еліміз бүгінгі таңда ерекше жағдайда еңбек етуде. Біздің ортақ мақсатымыз осы індетті ауыздықтау болып табылады. Ел нақты көмекті күтіп отырғандығы да белгілі. Сонымен қатар, ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегін айрықша атап өтті. Дәрігерлерге 3 ай бойы қосымша үстемеақы төленетіндігін айта келе, олардың өмірін сақтандыру мәселесінің де шешілгендігі айтылды. Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсетуді тапсырды. Мәлімдемеде шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырды. Қолдау сауда , көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды дей келе, бюджеттен 70 млрд теңге бөлінеді деп көрсетті. Әлем таныған саясаткер президентіміз Қ.К.Тоқаев халықтың қысыл-таяң уақытта бастан өткеріп отырған мәселесіне зор қолдау көрсетті. Осындай сындарлы сағатта халқының мұң-мұқтажын көтере білді. Және оны шешу жолдарын айқындап берді. Еліміз бұл сынақтан да өтер, әлемді жайлаған індеттен халқымызды аман сақтасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.


Өзгелердің жаңалығы