Оқытушы онлайн-дәріс өткізу барысында көз жұмды

7 Қыркүйек 2020, 14:07
1467
Бөлісу:
Оқытушы онлайн-дәріс өткізу барысында көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Аргентинаның Эмпреса университетінің оқытушысы zoom арқылы онлайн-дәріс өткізіп жатып студенттердің көз алдында бақилық болды.

CentralAsia (CA) басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні болған.

46 жастағы Паола де Симоне онлайн-дәріс барысында тұншыға бастаған, кейін ол есінен танып, қайтыс болған. 

Оқытушының жағдайы нашарлай бастағанда студенттер оның мекенжайын сұрап, жедел жәрдем шақырмақ болған, алайда, әйел тіл қатпаған күйі есінен танып қалған.

Тамыз айының соңында Симоне Твиттердегі парақшасына бір айдай коронавируспен ауырғанын жазған еді.

Өзгелердің жаңалығы