Оқу іздеп шетелге кетушілер саны 3 есеге азайған

19 Ақпан 2020, 11:30
1580
Бөлісу:
Оқу іздеп шетелге кетушілер саны 3 есеге азайған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда "Білікті маман" жобасы аясында жоғары білімі бар мамандарды даярлауға гранттар бөлу жалғаса бермек.

Бұл жөнінде бүгін өңір тұрғындары алдында есеп берген облыс әкімі Даниал Ахметов айтты. Аймақ басшысының хабарлауынша, соңғы үш жылда осы мақсатқа 1000 грант бөлінсе, оның 400-і тек былтырғы жылға ғана тиесілі. Ал барлығы 5 жылда 1846 грантқа 5 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда жоғары білімнің қол жетімділігі 48-ден 64 пайызға артып, мектеп түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарын таңдау көрсеткіші 3 есеге азайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңартылуда. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша профильдеу, заманауи құзыреттілік орталықтарын ашу, колледждерді жаңа жабдықтармен жарақтандыру және WorldSkills стандарттарын енгізу арқылы бүкіл жүйе қайта жаңғыруда. Жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін жабдықтауға 3 млрд. теңге салынады. Сондай-ақ үш жетекші колледж базасында құзыреттілік орталықтары құрылды, - деді Даниал Ахметов өз баяндамасында.

Бұдан бөлек, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамасын" жүзеге асыру мақсатында өңірде 4048 орынға арналған 10 жатақхана ашу жоспарланған. Оның үшеуі жоғары оқу орындарына арналса, жетеуі колледждердің базасында болмақ.

Өзгелердің жаңалығы