Қазақстанның соңғы жаңалықтары

О дүниеге барып келген әйел не көргенін айтып берді

Олжас АДАЙ
13 Наурыз 2025, 18:09
64060
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Эмбер Кавано есімді әйел инсульттан кейін о дүниеге барып, өмірге қайта оралғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

2021 жылдың желтоқсанында Кавано қатарынан екі инсультты бастан өткерген. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның миына ауыр зақым келгенін көріп, шарасыздық танытқан. Десе де жедел түрде арнайы ауруханаға тікұшақпен жеткізген. Каваноның айтуынша, дәл сол тікұшақта оның о дүниеге сапары басталған.

Әйелдің айтуынша, ол күн сәулесі мол түсіп тұрған гүлдер бағына тап болған. Сол жерде оның үй жануарлары мен жақын адамдары жүрген. Өзі болса, шамамен 25 жастағы кейіпке енген – денесінде ешқандай тыртық та, қартаю белгілері де болмаған.

Шөптің үстінде тұрып, бүкілін сезіндім: әрбір өсімдікті, әрбір шөптің сабағын, әрбір су тамшысын, әр молекуланы; бәрі Құдайдың нұрымен жарқырап тұрды, – деп сипаттады Кавано о дүниені.

Өзгелердің жаңалығы