Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 маусымда Халықаралық Бакалавриат Зияткерлік мектебінде емтихан кезінде бактерияға қарсы шам қосулы қалған. Мұны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы растады.
Айта кетейік, кварцтан денсаулығына шағымданған мектеп оқушылары 103 желісі бойынша елордалық №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.
Жеткізілген бойда төрт бала толық медициналық тексеруден өтті. Бұл 2004 жылғы үш бала, 2005 жылы туған бір оқушы. Олардың барлығында жеңіл дәрежелі электрофталмия (көз алмасының зақымдануы) бар. Мамандар тексергеннен кейін төртеуі де үйлеріне және тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.НЗМ-ның ресми сайтында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021 жылғы 7 маусымда Халықаралық Бакалавриат Зияткерлік мектебінде емтихан кезінде бактерияға қарсы шам қосулы болғанын растайтыны туралы ақпарат жарияланды.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде. Барлық кінәлілер жазаланады, - делінген хабарламада.Ақпаратқа сәйкес 2021 жылғы 8 маусымда балалар медициналық тексеру үшін емтиханнан босатылды. Емделуге және оңалтуға қажетті барлық шығындарды дербес білім беру ұйымы өтейді. ⠀⠀
Барлық Зияткерлік мектепте бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқамалар жүргізіледі.