Нью-Йоркте жер сілкінді

6 Сәуір 2024, 07:42
678
Бөлісу:
Нью-Йоркте жер сілкінді
Фото: pixabay.com

Нью-Йоркте магнитудасы 4,8 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:23-те (Астана уақыты бойынша 19:23) орын алған. Жер сілкінісінің ошағы Манхэттеннен 80 шақырымдай жердегі Лебанонде орналасқан.

Штат губернаторының айтуынша, жер сілкінісі бүкіл Нью-Йоркте сезілген.

Менің командам жер сілкінісінің салдары мен келтірілген зиянды есептеп жатыр. Біз күні бойы қоғамды ақпараттандырып отырамыз, - деді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары жерасты дүмпуі Филадельфиядан Бостонға дейінгі қалаларда сезілгенін айтуда.

Сарапшылар мұндай жер сілкінісі бұл ауданда 40 жылдан бері болмаған деген баға берді.

Өзгелердің жаңалығы