Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нью-Йоркте туристік автобус аударылып, бес адам қаза тапты

23 Тамыз 2025, 11:20
690
Бөлісу:
 ABC News
Фото: ABC News

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының солтүстік бөлігінде Ниагара сарқырамасынан қайтып келе жатқан туристік автобус аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан бес ересек адам қаза тапты, ондаған жолаушы жарақат алды. Автобуста барлығы 54 адам болған. Кейбір зардап шеккендер сығылып қалып, бірнешеуі терезеден сыртқа лақтырылып кеткен. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Үш науқастың, оның ішінде бір баланың жағдайы ауыр деп бағалануда.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші назарын басқаға аударып, көлікті басқара алмай қалған. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы