Бұл заң Мичиган штатында және АҚШ-тың кейбір жекелеген қалаларында бар. Нью-Йорк қалалық кеңесі адамдарды кәсіби қызметте, тұрғын үй саласында және қоғамдық орындарда салмағы мен бойы бойынша кемсітуге тыйым салатын заң қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Артық салмағы бар адамдар өздеріне лайық жұмысқа қол жеткізе алмай қиналады, мансапта өспейді. Бұл ашық алалаушылық, қоғам қысым көрсетуін тоқтатуы тиіс, – деді заң жобасы авторларының бірі Шон Абреу.
Ол Нью-Йорктің бұл бастамасынан басқа қалалар мен АҚШ федералды үкіметі үлгі алады деп үміттенді.
Біздің айырмашылықтарымыз бізді күшейтеді, – дейді қалалық кеңес мүшесі.
Толық адамдарды кемсітуге тыйым салатын заңдар Мичиган штатында және АҚШ-тың кейбір жекелеген қалаларында (мысалы, Сан-Францискода) бар. Мүгедектігі бар америкалықтар туралы Федералды заң «нақты немесе көрінетін физикалық бұзылуларға» негізделген кемсітушілікке тыйым салады, бірақ Bloomberg атап өткендей, судьялар көп жағдайда артық салмақты осындай «бұзушылықтардың» бірі деп танудан бас тартады.