Нью-Йоркте скутерге мінген ер адам өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырды, салдарынан бір адам қайтыс болды, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап.
Ер адам төрт жазықсыз адамға қарсы оқ жаудырды, олардың біреуі өкінішке қарай қаза тапты, - деді Нью-Йорк полициясы комиссарының бірінші орынбасары Эдвард Кабан баспасөз мәслихатында.
Мәліметке сәйкес, 87 жастағы ер адам қайтыс болды.
Полиция бастығының көмекшісі Джозеф Кенни полицейлер скутерде құжатсыз жүрген 21 жастағы ер адамды ұстағанын мәлімдеді. Оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз, тергеушілер шабуылдаушының әрекеті кездейсоқ болған деп болжайды.
Оқиғаны тергеу жалғасып жатыр.