Нью-Йорк метросы қатты жауыннан кейін су астында қалды

АҚШ-тың солтүстік-шығысында жауған толассыз жауын Нью-Йорк метрополитенінің жұмысын ішінара тоқтатты.

 Скриншот 16 Шілде 2025 2025, 02:34
16 Шілде 2025 2025, 02:34
1315
Фото: Скриншот

АҚШ-тың солтүстік-шығысында жауған толассыз жауын Нью-Йорк метрополитенінің жұмысын ішінара тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йорк қалалық көлік басқармасының мәліметінше, метро желілерінің бір бөлігі толығымен тоқтап, кей бағыттарда пойыздар үлкен кідірістермен қозғалған.

Қатты жауын дүйсенбі күні кешке басталып, қаланың бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қоғамдық көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келіп, қалалық инфрақұрылымға елеулі салмақ түсті.

Айта кетейік, бұған дейін, 5 шілдеде CNN Техас штатының орталық бөлігінде су тасқыны салдарынан 50-ге жуық адамның қаза тапқанын хабарлаған. Құрбандардың ішінде 15 бала бар екені расталды.

Наверх