Нью-Йорк көшесінде Франция президенті жолда тұрып қалды

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясынан қайтып келе жатқан Франция президенті Эммануэль Макронның кортежі бірнеше минутқа жолда бөгелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Анадолы 23 Қыркүйек 2025 2025, 16:56
23 Қыркүйек 2025 2025, 16:56
1201
Фото: Анадолы

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясынан қайтып келе жатқан Франция президенті Эммануэль Макронның кортежі бірнеше минутқа жолда бөгелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі unn.ua-ға сілтеме жасап.

Бұған АҚШ президентінің кортежі өтуіне байланысты полицейлердің жолды жауып тастауы себеп болған. Күтпеген жағдайға тап болған Макрон көлігінен түсіп, жолдағы полиция қызметкерімен сөйлеседі. Оқиғадан кейін Франция президенті Дональд Трампқа телефонмен қоңырау шалады.

Қалайсың? Не болғанын білесің бе? Сенің кесіріңнен көшеде кептеліп тұрмын, - деп әзілдейді Макрон.

Бос уақытын тиімді пайдаланған Макрон сол сәтте Нью-Йорк тұрғындарымен тілдесіп, естелік суретке түсіп үлгерді.

Наверх