Үндістан астанасында автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Жарылыс Тарихи Қызыл Форт маңында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ NDTV-ге сілтеме жасап.
Оқиғаны тергеуге Ұлттық тергеу агенттігі (NIA) мен Ұлттық қауіпсіздік гвардиясы қосылды.
Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Жарылыс салдарынан көлік қозғалысы уақытша шектелген. Тергеу жұмыстары жалғасуда.