Экология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Ерлан Нысанбаев Президент тапсырмасын кешіктірген екі өңірді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш егу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2021-2024 жылдары 1 145 млн дана көшет 736,8 мың гектарға, оның ішінде 2024 жылы 306 млн дана көшет 205,2 мың гектар алаңға отырғызылды. Бұл ретте 2024 жылы жоспарлы көрсеткіштер Ақтөбе және Атырау облыстарында орындалмады, – дейді Нысанбаев Үкімет отырысында.
Сонымен қатар министр биыл жоспар бойынша 336,5 млн дана көшетті 494 мың гектар алаңда отырғызу керек екенін айтты.
Айта кетейік, Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Ерлан Нысанбаев елімізде қоқыс үйінділері азайғанын айтты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев неге Өскемен қаласының ауасы жылдан-жылға ластанып бара жатқанын түсіндірді.