Нысанбаев Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесті

Кеше, 21:02
150
Бөлісу:
Нысанбаев Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесті
PHOTO
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы көші – қон жөніндегі халықаралық миссияның басшысы және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үшін үйлестіру функциялары бар елдік кеңсемен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талқылаудың негізгі тақырыптары көші-қон, қоршаған орта мен климаттың өзгеруінің өзара байланысын бағалау, ҚР ЭТРМ мен КХМ арасындағы бейімделу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі ұлттық жоспарларда халықтың ұтқырлығын есепке алу мәселелері болды.

Нысанбаев Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесті

Кездесу барысында Ерлан Нысанбаев КХМ-ның Қазақстанға тиімді көші-қон саясатын әзірлеу мен іске асыруда көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Министр КХМ Қазақстан үкіметімен тығыз ынтымақтастықта көші-қонды басқаруға, мигранттардың құқықтарын қорғауға және Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген бағдарламалар мен бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Нысанбаев Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесті

Сонымен қатар, Министр КХМ-ны 23 желтоқсанда Астанада өтетін бейімдеу жоспары бойынша семинарға қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Ерлан Нысанбаев 2026 жылы Қазақстанда, оның ішінде Бразилияда (2025 жылғы қараша) СОР-30 алаңдарында өңірлік Климаттық саммит өткізуге дайындық шеңберінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде, Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық миссияның басшысы Серхан Ақтопрак ЭТРМ-мен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Астана халықаралық форумына қатысу аясында Министр Ерлан Нысанбаев пен КХМ Бас директоры Эми Поуп арасында екіжақты кездесу өткізуге үміт білдірді.

Нысанбаев Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесті

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

Өзгелердің жаңалығы