Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Сондай-ақ ол азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қатысуының ашық тетіктерінің қажеттігін атап өтті.
Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарында көрсетілген барлық экологиялық міндеттемелері бойынша толық және сенімді ақпарат қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуы үшін басты шарт болып табылады, - деді Нұрлан Нығматулин.
Палата Спикерлерінің айтуынша, бұл қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуының басты шарты болып табылады. Сондай-ақ Каспий теңізінің жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануын болғызбау, азайту, бақылау және барынша мүмкін болатын жою қажет.
Бүгін жалпы отырыста депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдағаны белгілі.