Нығматулин: Заң жобасы жайылым тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді

2 Маусым 2021, 13:18
7280
Бөлісу:
Нығматулин: Заң жобасы жайылым тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Жер қатынастарын дамыту туралы заң жобасын мақұлдады.

 Нұрлан Нығматулин жерді пайдалану мен қорғауды бақылау заң деңгейінде күшейетінін  алға тартты.

Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленді. Осы заң жобасы бойынша, ең алдымен, халқымыздың назарында жүрген өте маңызды жер мәселесі бойынша нақты шешім қабылданды. Ең бастысы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру заңмен бекітілді. Осы мәселеге қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер, әртүрлі ойлар айтылды, - деді Нұрлан Нығматулин.  

Жалпы, заң жобасында жерді жеке меншікке беру 5 жылға тоқтатылады.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, қазақстандықтардың ауылшаруашылыққа бағытталған жерлерін мемлекеттен сатып алмай, жалға беру құқығын иеліктен шығаруы мүмкіндігі қарастырылған.

Осы ретте, Палата спикері жалпы заң жобасы жеке мал жаю үшін қажетті жайылым тапшылығын шешуге ықпал етіп, сондай-ақ, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы да күшейетінін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы