Нығматулин тендер арқылы байып отырғандарды ашық айтты

18 Қараша 2020, 18:22
5831
Бөлісу:
Нығматулин тендер арқылы байып отырғандарды ашық айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Kazakh Tourism компаниясына қосымша құзырет беру туралы Мәдениет және спорт министрлігінің шешімін құптамайтынын жеткізді. 

Бүгін Мәжілісте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған болатын.

Осы заң жобасында  «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жаңа құзырет берілмек. Яғни компания бюджет қаражатын туристік саладағы жеке құрылымдардың жарғылық капиталына инвестициялайды. Бұл норманы заң жобасынан алып тастау туралы депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды. Ол ұсынысты Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қолдап, өз пікірін білдірді. 

Бюджет қаражатын жеке секторға жаңаша құюдың еш қажеті жоқ. Бизнесті қолдау деген бюджет қаражатын тықпалай берумен шектелмеуі керек. Компанияларды құрып тастаған салалар жетерлік. Жүр әне, өздерін «ауқатты бизнесмен» санайды, ал қарасаң оның барлық бизнесі мемлекеттік және квазимемлекеттік тендерге байланған. Соқыр тиын инвестиция, бір технология да алып келген жоқ. Бидай шоқып жүр, әйтеуір. Мұнда да ұлттық компания құрып, бюджет қаражатын саламыз. Ал ол болса тағы да туристік салаға қаражат тықпалаумен айналысады. Түсініктің өзі басқаша болуы қажет. Бұл тұрғыда заңнамалық тұрғыда туристік саладағы бизнесмендерге жайлы жағдай жасалуы тиіс,- деді Нұрлан Нығматулин.
Өзгелердің жаңалығы