Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға әріптестері сәттілік тілеп, шығарып салды.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР конститутциясының 52-бабының сәйкес, депутатты мерзімінен бұрын босатауға ұсыным енгізді. Ол қаулыға Мәжіліс депутаттары дауыс берді.
Әріптестеріміздің атынан бірлесіп атқарған жұмысымыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіз алған біліміңіз бен тәрбиеңіздің арқасында өзіңіздің туған жеріңіз Атырау облысының дамуына да үлес қосады деп сенім білдіреміз. Жұмысыңыз табысты болсын. Әрқашан осы Мәжілісте бірге істеген жылдарымыз есімізде қалады, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Сөйтіп, спикер депутаттардың атынан алғыс хат пен гүл тапсырды.
Елдің аманатын арқалап, жұртшылықтың сенімінен шығу үшін Мәжіліс қабырғасында өздеріңізбен бірге өткізген өмірімдегі кезең ерекше бір белес болды. Халқымыздың және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімін жауапкершілікпен атқаруға тырыстым деп ойлаймын.Шынайы қамқорлықтарыңыз үшін, үлкен ізеттіліктеріңіз үшін алдарыңызда басымды иемін, алғыс біліремін. Мәжіліс қабырғасында жинаған тәжірибем алдағы уақытта да пайдасын тигізері анық, - деді Бақытгүл Хаменова.
Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.