Нығматулин депутаттардың негізгі мақсатын атады

1 Қыркүйек 2021, 15:16
1918
Бөлісу:
Нығматулин депутаттардың негізгі мақсатын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі VII шақырылымының екінші сессиясының бірінші жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың алдағы негізгі мақсаты туралы айтты.

Бүгін Президентіміз VII сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашып, өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы Қазақстанымыздың тұрақтылығын сақтай отырып, одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат. Себебі Жолдауда саяси, әлеуметтік-экономикалық өсіп, өркендеудің нақты жолдары, қадамдары нақты көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе, агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы енді депутаттық корпустың ендігі басты мақсаты – осы барлық бастаманы сапалы заңмен қамтамасыз ету екендігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы