Нығматулин Словакия елшісін қабылдады

28 Мамыр 2019, 13:25
1728
Бөлісу:
Нығматулин Словакия елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Словак Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Милан Колларды қабылдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті.

Мәжіліс төрағасының пікірінше, Қазақстан Словакияны Орталық Еуропа, жалпы Еуропалық Одақ ішінде маңызды әріптестердің бірі ретінде қарастырады. 25 жыл ішінде қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог, қажетті құқықтық база қалыптасып, сауда-экономикалық әрі мәдени- гуманитарлық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасалды.

«Біздің еліміз Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір іспетті. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты тереңдеті үшін «Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісім» үлкен мүмкіндік. Өзара тиімді жобаларды бірлесе жүзеге асыру біздің елдеріміздің сауда-инвестициялық бағытына жаңа серпін береді», - деді Нұрлан Нығматулин.

Өз кезегінде М. Коллар Қазақстанда басталған қызу саяси науқанға көңіл бөліп, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамаларының жалпы Еуразиялық кеңістік үшін өте маңызды екеніне тоқталды.

Кездесу барысында Мәжіліс төрағасы парламентаралық байланысты күшейтуге баса назар аударып, осы орайда, бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру қажеттілігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы