Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын."Он екі айдың сұлтаны" саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!
Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.
Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.
Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.