Нұрымбетов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

23 Қазан 2020, 10:42
3661
Бөлісу:
Нұрымбетов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазанның соңғы жексенбісінде атап өтілетін Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні қарсаңында әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Құрметті әріптестер, әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Әлеуметтік қызметкер күні – бұл қызметі қазақстандықтарға көмек көрсетумен тығыз байланысты болып келетін адамдардың мерекесі. Күн сайын сіздер біздің құрметті зейнеткерлеріміздің игілігі үшін еңбек етесіздер, мүгедектігі бар адамдарға, балалы отбасыларға және табысы аз азаматтарға көмектесесіздер. Сіздердің арқаларыңызда қиын өмірлік жағдайға тап болған қазақстандықтар оны еңсеру үшін қажетті қолдау алады.

Өз міндеттеріңізді орындай отырып, қамқорлыққа мұқтаж барлық адамдарға мейірімділік, жан жылуын және жарқын болашаққа деген үміт сыйлайсыздар. Сіздердің кәсіби қызметіңіз жанашырлық, гуманизм, ізгілік және шыдамдылық сияқты қарапайым адами қасиеттерге негізделеді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Көп жағдайда бұл сіздердің еңбектеріңіз.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің Қазақстанның әлеуметтік жүйесін дамытуға қосқан үлестеріңіз ең жақсы әрі жылы сөздерге лайық.

Барлық әлеуметтік қызметкерлерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ және бақытты өмір, отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық тілеймін!» – делінген Біржан Нұрымбетовтің құттықтауында.

Өзгелердің жаңалығы