Нұртаң Ыдырысов спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Іріктеу кезеңінде отандасымыз 79,665 ұпай жинап, 17-орынға тұрақтады.

 Спортты дамыту дирекциясы 18 Қазан 2026, 21:19
18 Қазан 2026, 21:19
159
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық гимнаст Нұртаң Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей көпсайыс финалына жолдама алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Іріктеу кезеңінде отандасымыз 79,665 ұпай жинап, 17-орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы жекелей көпсайыстың финалы 22 қазанда өтеді. Шешуші кезеңде үздік 27 гимнаст бақ сынайды.

Алайда бір елден екі спортшыдан артық қатыса алмайды.

Наверх