Нұрсұлу Ералиева дзюдодан Қазақстан чемпионатында үздік атанды

18 Желтоқсан 2020, 19:32
1697
Бөлісу:
Нұрсұлу Ералиева дзюдодан Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда дзюдодан өтіп жатқан ел біріншілігінде әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Olympic.kz. 

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы облысының спортшысы Нұрсұлу Ералиева қарсылас шақ келтірмей, топ жарды. 

Финалда ол өте тәжірибелі маңғыстаулық Анна Казюлинаны ұтты. Ал қарсыласына есе жіберген Анна Казюлина екінші орынды қанағат тұтты. 

Бұдан бөлек, БҚО дзюдошысы Гүлдана Әлмаханбетова мен қызылордалық Құнждыз Жылқыбай жарыстың қоласын өзара бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы