Нұротандық депутаттар азаматтарды аптасына екі рет қабылдайтын болды

4 Қыркүйек 2019, 17:33
1553
Бөлісу:
Нұротандық депутаттар азаматтарды аптасына екі рет қабылдайтын болды

Алматы, BAQ.KZ. Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында «Nur Otan» парламенттік фракциясының депутаттары Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде аптасына екі рет азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық бөлімі хабарлады.

«Nur Otan»-ның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев партияның күнделікті жұмысын түбегейлі қайта құруды, сондай-ақ Мәжілістегі парламенттік фракцияның жұмысын күшейтуді тапсырды. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру қажеттілігі туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында да айтты.

«Nur Otan» партиясының атынан сайланған халық қалаулылары ел тұрғындарымен Мәжілістің бүкіл сессиясы барысында кездесетін болады. Депутатқа өз сұрағын немесе өтініш-тілегін жолдау үшін өзге өңірлердің тұрғындарына Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келу міндетті емес. Ол үшін «Nur Otan» партиясының кез келген аймақтық филиалына келіп, сол жерден бейне байланыс арқылы депутатқа өздерін мазалап жүрген сауалдарын жолдай алады», - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы