Нұрқанат Серікбаев Загребтегі Гран-при турнирінің чемпионы атанды

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында бразилиялық Рональд Лимамен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

14 Қараша 2026, 06:35
АВТОР
 Ұлттық олимпиада комитеті 14 Қараша 2026, 06:35
14 Қараша 2026, 06:35
180
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын медалін жеңіп алды.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында бразилиялық Рональд Лимамен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс медаль иеленген еді.

Наверх