Нұрмұхамед Байғара жаңа қызметке тағайындалды

Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Тамыз 2022 2022, 16:37
АВТОР
 16 Тамыз 2022 2022, 16:37
16 Тамыз 2022 2022, 16:37
2201

Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара  Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болды. AMANAT партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды тізгіндеген тележүргізуші ретінде көрерменге жақсы танылған.

Кейіннен республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған

Наверх