Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында айтты.
Заң шығару жауапты әрі күрделі жұмыс екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Ұлттық кеңес мүшелері ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Кеңестің әрбір мүшесіне белсенді қоғамдық қызметі үшін ризашылығымды білдермін. Кеңес тұрақты ротацияны жүзеге асыру арқылы жұмыс істейді. Ұлттық кеңес ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген азаматтардың басын біріктірді, - деді Тоқаев.Президент атап өткендей, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы экономикалық және саяси реформалар аясында өтеді.
Ұлттық кеңес бірқатар блоктан тұратын бірқатар мәселені дайындады. Біріншісі – тұрғын үй және экономика саясатын жетілдіру. Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты қозғаушы күші – қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Осы маңызды мәселені шешу үшін ауқымды шаралар қабылдап жатырмыз, - деді ол.Мемлекет басшысы қазір азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсап жатқанын айтты.
Жаңа бастаманың жүзеге асырылуына бір айдан астам уақыт өтті. Соның өзінде мыңдаған азамат бастама аясында ипотекаларын жауып, баспанаға қол жеткізе бастады, - деді ол.Президент айтқандай, пайдалануға берілген дайын үйлердің 40 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында болып отыр.
Оның үстіне бұл үйлердің көпшгілігінің бағасы әлі де қымбат. Үкіметтің қаңтардағы кеңейтілген отырысында тұрғын үй саясаты бойынша жаңа ұсыныстарды дайындауға тапсырма бердім. Үкімет айтарлықтай тиімді ұсыныстар берді. Нақты экономикалық факторларға байланысты тұрғын үй компаниялары арзан үй салуға мүдделі емес. Сол себепті қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компаниялармен алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алынады. Мұндай тәсіл алдын ала пысықталды. Енді бүкіл ел бойынша жүзеге асырылады. Бұл қадам аз уақыттың ішінде құны қолжетімді тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді, - деді Тоқаев.