Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.
1965 жылы 4 мамырда Қазақстан облысы; Семей қаласында дүниеге келген.
1982-1987 жж Қазақ политехникалық институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.
1998-2001 жж Қазақ қаржы-экономикалық институтын "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.
2004-2006 жж Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-құрылысшы"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987-1990 жж "Казпромтехмонтаж" тресінің Семей монтаждау басқармасы учаскесінің Слесарь-монтаждаушысы, шебері, прорабы;
1990-1995 жж "Зергер" өнеркәсіптік-қаржы корпорациясының директоры, Бас директоры, Президенті ;
1995 ж "Аққұс" АҚ Президенті;
1995-1997 жж "Сары-Арқа" АҚ сенімді басқарушысы;
1997-2001 жж "Сұңқар" ЖШС президенті;
2001-2003 жж "Казиркутсклес" ақ бірлескен кәсіпорнының бас директоры;
2003-12. 2003 жж Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы;
01.2004-02.2005 жж Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы;
02.2005-09.2005 жж Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті күрделі құрылыс басқармасының бастығы;
10.2005-01.2006 жж Күрделі құрылыс басқармасының бастығы - Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті директорының орынбасары;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
03.2007-02.2008 жж Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары;
05.01.2008-2009 жж Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2009 ж Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ();
2005.2009-06.2010 жж"Ертіс "ӘКК "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
06.2010-02.2013 жж Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
2014-2015 жж Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары;
03.2015-09.2017 жж "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры;
09.2017-2018 жж Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
05.2019 ж бастап Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
Үйленген, 3 баланың әкесі.