Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нұрлан Сабуровқа қатысты шу: Қазақстан СІМ жағдайға түсініктеме берді

Бөлісу:
 Нұрлан Сабуровтың әлеуметтік желісінен
Фото: Нұрлан Сабуровтың әлеуметтік желісінен

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, Сабуров Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінбеген. Сондай-ақ СІМ-ге Ресейдің құқық қорғау немесе өзге де ресми органдарынан ол туралы ешқандай ақпарат түспеген.

Осылайша, Ресей тарапынан Сабуровқа қатысты қандай да бір ресми сұрау немесе іс-қимыл тіркелмеген.

Бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл көші-қон және салық заңнамасын бұзумен байланысты болуы мүмкін.

Еске салайық, өткен жылы стендап әртісі Ресей Федерациясының көші-қон талаптарын бұзып, ел аумағында рұқсат етілген мерзімнен артық болған. Ол кезде айыппұл төлеп, елден шығып, кейін талапқа сай қайта кіруге екі апта уақыт берілген.

Ал бұған дейін әзілкештің Ресейдегі концерттері жаппай тоқтатылған еді.

Өзгелердің жаңалығы