Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынуына қатысты пікір білдірді

Бүгiн, 21:51
141
Бөлісу:
 Maksim Konstantinov / Global Look Press
Фото: Maksim Konstantinov / Global Look Press

Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдында түсініктеме берді. Ол Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әзілкеш бұл мәселеге егжей-тегжейлі пікір білдірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, құқықтық мәселелермен заңгерлер айналысып жатыр, ал уақыт бәрін өз орнына қояды.

Мен мынаны айтқым келеді: стендап-комик ретіндегі жолым 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасты. Осы жылдар ішінде мен Ресейдің көптеген қалаларында болдым. Барлық жерде мені достық көңілмен, жылы қабылдады. Шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік берген, әртіс ретінде қалыптасуыма жол ашқан, сондай-ақ Ресейде де, оның шегінен тыс жерде де көпұлтты аудитория жинауыма ықпал еткен елге ризашылығымды білдіремін. Рахмет, – деп жазды ол.

Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынуына қатысты пікір білдірді

Сонымен қатар, Нұрлан Сабуров журналистер мен блогерлерге отбасы мүшелерінің жеке өміріне құрметпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, 6 ақпанда Ресей билігі қазақстандық әзілкешке елге 50 жылға кіруге тыйым салғаны белгілі болды. Шешім «ұлттық қауіпсіздік, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мүддесінде» қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы