Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

Актер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2 Шілде 2024 2024, 12:55
АВТОР
 Shymkent Online телеграм арнасы 2 Шілде 2024 2024, 12:55
2 Шілде 2024 2024, 12:55
2583
Фото: Shymkent Online телеграм арнасы

Актер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол креативті индустрияны дамыту мәселелерімен айналысатын болады.

Өңір әкімі Дархан Сатыбалды тиісті жарлыққа қол қойды.

Продюсер, тележүргізуші, әрі актер Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев 1979 19 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 

«Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. 

Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі болды.

«Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы.

Наверх