Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы 13 шілдеде жемқорлықпен күрес қызметі шекара қызметімен бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадан жалған құжаттар арқылы өтпек болған Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.
«Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді»,-делінген хабарламада.