Нұрлан имам: Еркектердің қарғыс айтуына болмайды

Кеше, 11:10
923
Бөлісу:
Нұрлан имам: Еркектердің қарғыс айтуына болмайды

Желіде танымал болған Нұрлан имам ерлер қауымына үндеу жасады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Нұрлан имам ерлердің қарғыс сөз айтудан алшақ болуды сұрады. Себебі әйелдерге қарағанда ерлердің сөздері әрдайым өткір болып жатады екен.

Мені жақсылап еркектер қауымы естіп алсын. "Әйелдің қарғысы боқ, әкенікі оқ" дейді. Еркек адам аузындағы сөзін шығармаған дұрыс болады. Сол үшін де ол еркек. Енді шапылдап әйелмен жарысып сөз қайтарсаң да, тым болмаса қарғыс сөз айтпа. Ия, еркек те адам ғой, кейде эмоциясын шығарғысы келетін шығар. Кейде әйелдік гормондары көп болып кететін шығар, әйел сияқты салғыласқысы келетін шығар. Бірақ сол кезде аузыңыздан қарғыс сөз шықпасын. Әсіресе , Құдай қосқан жарларыңызға айтудан алшақ болыңыз. Періштелер сол кезде әумин десе әйеліңіз бала көтере алмай қалады. Көтерсе де тұрмайтын болды, не болмаса бір дертке шалдығуы мүмкін, - деді Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы