Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биыл жыл бойы Кеңес Одағының Батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың мерейтойы атап өтілуде.
Қарағанды қаласының орталық саябағының жаңа алаңында ашық аспан астында өткен мерекелік кеште жерлестеріміздің ерліктері тағы бір мәрте еске алынды.
Ержүрек жас жігіттер Отанымызды қорғап, өмірлерін қиған. Шараға қатысушылар батырлар мәңгілік есте сақтауға лайық екенін, олардың Отанға қызмет ету және халыққа деген сүйіспеншілігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігін айтып өтті.
«Олар бізбен бірге, өз балалары мен немерелерінің ортасында бола алар еді, алайда бұл батырларымыз біз үшін жас жігіттер болып есте қалады, 23 жастағы сержант, ержүрек әскери ұшқыш Нүркен Әбдіров пен аға сержант, взвод командирі, Ақтоғайдан шыққан мұғалім Қазбек Нұржанов мәңгі есте қалды. Осы жыл біздің жерлестеріміз - батырларымыз Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналады. Оларды біздің елде де, Ресейде де, Беларусьте де құрметтейді. Нүркеннің аты Мамай қорғанындағы тізімде бірінші болып тұр. Бұл екі батыр - еліміздің алтын қоры және оларды еске алу осы жылмен ғана шектелмеуі өте маңызды», - деді Қарағанды облысының әкімі Елан Қошанов.
Ол осындай адамдар туралы фильм түсіру және кітаптар жазу, балаларға олардың ерліктері туралы айту керектігін атап өтті.
Көрермендерге батыр туралы бейнероликтер көрсетілді. Екі қарағандылық Кеңес Одағының Батыры атағын қайтыс болғаннан кейін алды. Нүркен Әбдіров өзінің жанып жатқан ұшағын жау танкілері колоннасына бағыттап, экипажбен бірге қаза тапқан болатын. Қазбек Нұржанов Волковскіні алу кезінде қанды шайқаста басып алу тобын басқарды. Ол фашистер жаулап алған қалаға бірінші болып басып кіріп, ауыр жарақат алды. Батыр жерлесіміз жорық-дала госпиталінде қайтыс болды және бауырластар зиратында жерленген.
«Біз бүгінгі күні патриотизм туралы көп айтамыз, тіпті дауласуға дейін барамыз, бірақ үлгі болар өз өмірімен және ерлігімен бізге жалғыз ғана дұрыс жауап беретін адамдар бар. Олардың арасында, әрине, Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановты атап айтуға болады, олар өз елі, Отаны мен халқы үшін адам қаншалықты көп жасай алатынын дәлелдеген», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Мерекелік концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары: «Шабыт» триосы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев пен Әли Оқапов және т. б. өнер көрсетті.
Осы кешті басқарған тележүргізуші Ольга Спирина батырлардың емісін дәріптеу өте маңызды екенін атап өтті. Ол бүгінгі күннің жастарына ерліктің лайықты мысалдары қажет деп есептейді.
Жобаның продюсері Рустам Манкеновтың айтуынша, команда кейіпкерлердің туыстарымен арнайы кездесіп, олардан сұхбат алып, мұрағат материалдарын зерттеді.
«Бұл мереке үшін барлығына рахмет. Биыл жылы көптеген мерейтойлық іс-шара өткізілді және олар әлі де жалғасуда. Нүркен ағам туралы кітаптар басылып, спектакль қойылып, фильм түсіріліп жатыр. Осының барлығы батырлрымыздың есімі мәңгілік есте қалу үшін жасалып жатыр, - деді ұшқыштың немере бауыры, Кеңес Одағының Батыры Әбубәкір Әбдіров ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып.
Қарағандылықтар әншілер орындаған патриоттық әндерге қосылып, ән шырқады. Кеш от шашумен аяқталды.