Нурия Ниязова: Қазақстан – берік, іргелі ел

23 Наурыз 2019, 15:48
2971
Бөлісу:
Нурия Ниязова: Қазақстан – берік, іргелі ел

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан – тәуелсіздік алып, егемен ел болғалы – әлем таныған мемлекетке айналды. Алматы қалалық мәслихаты жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшесі Нурия Ниязова еліміздің қол жеткізген табыстарын Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырды.

«Алдымен Қазақстан жұртшылығын көктемнің ең шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтайын! Баршаңызға ортақ үйімізде мейрімділік, жылылық тілеймін. Бүгінгі күні ең бастысы – еліміздегі саяси тұрақтылық. Еліміздің қол жеткізген табыстарын ештеңемен салыстыра алмаймыз. Әрбір қазақстандық көк паспортпен аяғын нық басып, кез келген алыс-жақын шетелге бара алады. Өйткені әлемдік қауымдастық мемлекетімізді таниды. Шетелде Қазақстанның қандай ел екенінін білмеген кездер де болды. Ал бүгінгі күні Қазақстан қандай мемлекет, қандай табысқа қол жеткізді, бізде қандай табиғи қорлар барын бәрі біледі. Осының барлығы 30 жылға жуық уақыт аралығында, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылды. Ол ең қиын кезеңде ел тізгінін қолға алып, дұрыс бағытта қозғала білді. Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде шешім қабылдауы – өте орынды деп ойлаймын. Қазір кейбіреулер жаңа атауды қабылдай алмай, үйренісе алмай жатыр. Ой елегіне салсақ, мұндай қадамда артық ештеңе жоқ. Жан-жағымызға қарасақ, көптеген мемлекеттерде тұрақтылық жоқ. Және ол уақытша емес, көп жылдар бойы жалғасып келеді. Халық экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан қиналып жатыр. Соны көргенде Қазақстанда тұрақтылық барына көз жеткізесің. Үйдің берік болуы – іргетасына байланысты. Қазақстанның іргетасы – мықты. Ол жастар үшін жарқын болашақтың кепілі», - деді Нурия Ниязова.

Өзгелердің жаңалығы