Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама көшбасшысы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг) Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
Қоссайыстың қорытындысымен ол 388 (174+214) келіні бағындырды. Нәтижесінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Екінші орынды иеленген грузиялық Реваз Давитадзе 387 келіні (177+210) көтерді. Ал ирандық Әли Әлипур 387 келі (173+214) салмақпен үшінші орынды қанағат тұтты.
Айта кетерлігі, Нұрғиса бір жарым жыл халықаралық жарыстарда сынға түсе алмаған болатын.