Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.
Ол серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді ырқына көндіре алды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте 400 келімен топ жарды.
Айта кетейік, ерлер арасындағы 102 кг Олимпиада бағдарламасына кіреді. Нұрғиса былтыр Колумбия астанасы Боготада өткен Әлем чемпионатында күміс алған.