Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасына 4-ші алтын медаль әкелді

Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Мамыр 2023 2023, 19:54
АВТОР
 Спортты дамыту дирекциясы 14 Мамыр 2023 2023, 19:54
14 Мамыр 2023 2023, 19:54
2310
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем біріншілігінде Нұрбек Оралбай чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен жұдырықтасты. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі ұпайды Оралбайға берді. Екінші кезең қазақстандықтың басымдығы сақталды. Сөйтіп отандасымыз өзінің басымдығын танытып, чемпион атанды. 

Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады. Бұл - жалпы командалық есепте 2-орын.

Наверх