Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды

Бүгiн, 19:50
140
Бөлісу:
Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды
Фото: Тұрар Қазанғапов/olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

80 келі салмақта сынға түскен спортшы австралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасты.

Алғашқы раундта Нұрбек 5:0 есебімен алға шыққан. Екінші раундта Каллум дәл солай қарқынды жұдырықтасып, Нұрбекті нокдаунға жіберіп үлгерді.

Матчтың жеңімпазы үшінші раундта шешілді. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Нұрбекке беріп, қазақстандық боксшы өте қиын кездесуде ширек финалға өтті.

Өзгелердің жаңалығы