Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

20 Маусым 2021, 20:40
1720
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық Ат туризм федерациясының Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін баратын 1000 шақырымдық салт аттылар экспедициясы Жасыбай көлінің жағасына да бір күн еру болды. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Естеріңізде болса, маусымның 10 күні Елорда жанындағы Бозоқ қалашығының жұртынан басталған сапар жол бойы Олжабай батыр кесенесінде, Бұйратау ҰТП-де және әйгілі ғұлама Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің кесенесінде болған еді. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Экспедиция мүшелері 16 маусым күні Жасыбай көлінің жағасына жетті. Ал 17 маусым күні Қазақстан туризмінің жауһарларының бірі - Жасыбай көлінің жағасында ат демалтып, еру болды. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Демалыс күнін де тиімді пайдаланған экспедиция мүшелері Жасыбай көлінің маңайындағы киелі жерлерді аралап, арнайы кездесулер өткізді. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Әуелі таңғы астан соң Баянауыл өңірінің аңызға толы мекендерінің бірі Қоңыр әулие үңгіріне табан тіреді. Бір шақырымға жуық биікте орналасқан үңгір - әлемдегі 8 үңгірдің бірі. Аңызға толы мекен жайлы үңгір шырақшысы, өлкетанушы Алтынбек Құрмановпен жасаған сұқбатымыздан толығырақ білетін боласыздар. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Қасиетті үңгірден шыққан соң экспедиция мүшелері «қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болғысы» келген талантты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылында болып, ақын мазарына зиярат жасады. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Одан кейін азаматтар осы ауылдағы ақын музейінде болды. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Салт аттыларды қарсы алып, ел мен жермен таныстырып, барлығын ұйымдастырып жүрген ауыл әкімі Мұхтар Молшын. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Ақын мұражайы жайлы фоторепортажды алдағы уақытта тамашалай аласыздар. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Кешкі астан соң жігіттер Жасыбайдан Жаңатілекке дейін жалғасатын келесі күнгі жолға дайындалуға кірісті. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Осы орайда жол бойындағы байланыстың, интернеттің нашарлығына байланысты ақпараттың кешігіп беріліп жатқаны үшін кешірім сұраймыз. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі

Естеріңізге сала кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет өтіп жатқан Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін жалғасатын тарихи сапардың бас ақпараттық демеушісі — BAQ.KZ ақпарат агенттігі.

Өзгелердің жаңалығы